Қазақстан ТДМ даму индексі бойынша 12 позицияға көтерілді

16 Наурыз 2021, 20:20
1688
Бөлісу:
Қазақстан ТДМ даму индексі бойынша 12 позицияға көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің (ТДМ) V отырысы кезінде белгілі болды.  

Атап айтқанда, ковидтан кейінгі кезеңдегі ТДМ-ге қол жеткізудегі жетістіктер, даму мақсатында қаржыландыруды бағалау нәтижелері, ТДМ ұлттық индикаторлары және БҰҰ-ның 2021-2025 жылдарға арналған  тұрақты дамудың жаңа шекті бағдарламасын іске асыру мәселелері қозғалды. 

ТДМ бағдарламалары 5 топқа бөлініп, сыртқы істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық экономика, ақпарат және қоғамдық даму, энергетика министрліктеріне бекітілді. 

Әр саладағы жауапты тұлғалар кездесуге қатысушыларға бағдарламалардың орындалу барысы, 2020 жылғы жұмыс нәтижелері туралы хабардар етті және Қазақстан мен БҰҰ-ның алдағы бесжылдықтағы ынтымақтастығы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, 2030 жылға дейінгі ТДМ ұлттық индикаторларының тізімі талқыланды. Бұл тізім 200-ден астам тармақты қамтиды. 

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайылов ТДМ қағидаттарын іске асыру халықтың өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға, оны халықаралық стандарттарға жақындатуға және халықаралық имиджді нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы