Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтеді

25 Қазан 2021, 16:50
45048
Бөлісу:
Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 18-22 қазанда Мәскеуде Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз он үшінші отырысы өтті, деп хабарлады СІМ ресми сайты.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын бекітті, мемлекеттік шекара сызығындағы әртүрлі учаскелерді белгілеуге байланысты кешенді мәселелерді талқылады, сондай-ақ алдағы жылға арналған жұмыс жоспарларын әзірлеуді жалғастырды.

Комиссияның келесі отырысы 2021 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы