Қазақстан мен Үндістанның Қарулы Күштері білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

1 Шілде 2021, 13:57
3623
Бөлісу:
Қазақстан мен Үндістанның Қарулы Күштері білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов пен Үндістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас штабының бастығы генерал М. Нараване телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында пандемиямен күресудегі үйлестіру іс-қимылы мен вирустың таралуына қарсы көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Үнді тарапы қазақстандық әскери қызметшілерді «АЙТЕК» бағдарламасы бойынша даярлау жалғасатынын мәлімдеді. Одан өзге, генерал М. Нараване әскери білім аясында тәжірибе алмасу үшін жоғары әскери оқу орындарына екі елден офицерлер мен курсанттарды жіберу арқылы ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды.

Генерал М. Нараване генерал-майор Талғат Қойбақовты Үндістанның қорғаныс-өндірістік кешенінің мүмкіндіктерімен жеке танысуға шақырды.

Сөз арасында сондай-ақ, «ҚазҮнд-2021» бірлескен тактикалық оқу-жаттығуын өткізуді жалпы ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

 


Өзгелердің жаңалығы