Қазақстан мен Украина ынтымақтастығы талқыланды

28 Қараша 2020, 13:20
1792
Бөлісу:
Қазақстан мен Украина ынтымақтастығы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Киевте Қазақстан мен Украина арасындағы екіжақты және көпжақты өзара ынтымақтастығының мәселелері талқыланды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 

Қазақстан Елшісі Дархан Кәлетаевтың Украина Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Эмине Джапаровамен кездесуі өтті.

Әңгіме барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін, сондай-ақ БҰҰ мен ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-әрекеттерінің кейбір аспектілерін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы