Қазақстан мен Сингапур саяси консультациялар өткізді

11 Қаңтар 2021, 20:40
1258
Бөлісу:
Қазақстан мен Сингапур саяси консультациялар өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Сингапур сыртқы саяси мекемелері арасында видеоконференц-байланыс форматында саяси консультациялар өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Азия-Тынық мұхит өңірі департаментінің директоры Нұрғали Арыстанов және Сингапур Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Орталық Азия Директоратының Бас директоры Самуэль Тан саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Тараптар екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызды мәнін атап өтті.

2021 жылы жоғары және биік дәрежеде бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселесіне, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастыққа ерекше көңіл бөлінді.

Өзгелердің жаңалығы