Қазақстан-Ресей Ертіс өзенінің сапасына бірлескен мониторинг ұйымдастырмақ

19 Тамыз 2021, 20:19
11294
Бөлісу:
Қазақстан-Ресей Ертіс өзенінің сапасына бірлескен мониторинг ұйымдастырмақ
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың 19 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев РФ табиғи ресурстар және экология министрі А.А. Козловпен кездесті.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар Орал және Ертіс трансшекаралық өзендері бассейндерінің экожүйелерін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының бағдарламаларын іске асыру барысын талқылады.

Қазақстан-Ресей Ертіс өзенінің сапасына бірлескен мониторинг ұйымдастырмақ

Олардың ірі өзендер бассейндерінде (Орал, Ертіс және т.б.) зерттеулер жүргізу бойынша бірыңғай Жол картасында көзделген 17 іс-шараның 10 іс-шарасы 2021 жылы басталды, оның 4-і жыл соңына дейін аяқталатын болады. Қалған іс-шаралар 2022 жылы басталады.

Тараптар бірыңғай Жол картасының іс-шаралар кестесін іске асыру бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде, сондай-ақ зерттеулердің деректерімен алмасу мақсатында ақпарат алмасуды жүргізді. Жұмыс кестесіне сәйкес бірінші жартыжылдықта гидрологиялық деректерді жинау және алмасу бойынша іс-шаралар орындалды. Тараптар осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға келісті.

Қазақстан-Ресей Ертіс өзенінің сапасына бірлескен мониторинг ұйымдастырмақ

Тараптар Павлодар облысының (Былқылдақ жинақтаушы су қоймасы аймағында) және Омбы облысының (Ольховка ауылында) аумағындағы Ертіс өзенінің және жерасты суларының сапасына бірлескен мониторинг ұйымдастыруға келісті.

Сондай-ақ тараптар сарапшылардың тұрақты жұмыс кездесулерін өткізудің жоспар-кестесін бекітуге келісті. Мәселен, биылғы жылдың қыркүйек айында Жайық (Орал) трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының 3-ші отырысы өтеді.

Қазақстан-Ресей Ертіс өзенінің сапасына бірлескен мониторинг ұйымдастырмақ

Ресей тарапы Ертіс өзенінің трансшекаралық су ресурстарын бөлу туралы құжат әзірлеуді ұсынды. Қазақстандық тарап қазіргі уақытта Жоғарғы Ертіс су қоймалары каскадынан су ағызу экономиканың барлық салаларының мүдделері ескерілген «Оба және Ертіс өзендерінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау» схемаларының ережесіне сәйкес келетінін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар мемлекет басшыларының қатысуымен (2021 жыл, Көкшетау қаласы) өтетін  «Экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында Ресей мен Қазақстан арасындағы XVII аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелерін талқылады7

Өзгелердің жаңалығы