Қазақстан мен Португалия ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

6 Қараша 2020, 18:35
1691
Бөлісу:
Қазақстан мен Португалия ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Португалиядағы елшісі Дәулет Батырашев Португалияның ғылым, технологиялар және жоғары білім жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Жуау Альберту Собриньу Тейшейрамен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ғылым мен білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Екіжақты шарт-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ  екі елдің  жоғары оқу орындары, ғылыми және зерттеу орталықтары арасында практикалық өзара іс-қимыл орнату мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Отандық дипломат екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын атап өтіп, ғылым мен білім саласындағы Қазақстан мен Португалия арасындағы өзара іс-қимылды дамытудың үлкен әлеуеттің болуына айрықша назар аударды. Ол еліміздің ғылыми және білім беру базасы, әлемнің жетекші университеттерімен және ғылыми орталықтарымен белсенді ынтымақтастығы жөнінде хабардар етіп, келешек дамудың басым бағыттарын жүзеге асыру мақсатында, қазіргі заманғы сындарға жауап ретінде, жоғары білікті мамандардың болуы мен оларды даярлауды қажет ететіндігін атап өтті. Бұл деген, екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы екіжақты құжаттарға негізделген білім алмасудың маңыздылығын алдын-ала анықтайтындығын баса айтты.

Ж.Тейшейра, өз кезегінде, Португалиядағы ғылым, технологияларды дамыту және инновациялар, жоғары білім беру саласындағы ағымдағы қызмет жөнінде айтып берді. Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту келешегі туралы пікірімен бөлісе отырып, оның одан әрі ұлғаюын құптады және португал тарапының басым бағыттар мен салаларда бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігіне сендірді.

Сонымен қатар, тараптар бірлескен академиялық және ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыруға, жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ бірлескен зерттеулерге, ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға қызығушылықтарын атап өтті.

Кездесудің нәтижесі бойынша мүдделі мекемелер арасында ғылым, технологиялар және жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келісім жасасу мүмкіндігін пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, португал тарапы екі елдің аэроғарыштық агенттіктері арасында байланыс орнатуға қызығушылық білдірді.

Өзгелердің жаңалығы