Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

22 Сәуір 2021, 20:53
1759
Бөлісу:
Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Tashkent Law Spring" II Халықаралық Заң Форумы аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрі М.Б. Бекетаев пен Өзбекстан Республикасы Әділет Министрі Р.К. Давлетов ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

Құжат Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі арасындағы 2021-2022 жылдардағы ынтымақтастыққа арналған.

Екі министрлік арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы зияткерлік меншік, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, заң шығару қызметі, ынтымақтастық саласын кеңейту және т.б. салаларда тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шараларды көздейді.

Сонымен қатар, «Бірыңғай мемлекеттік құқықтық саясатты жүргізу: қазіргі заманғы сын - қатерлер мен болашақ үрдістер» атты Форумның бірінші сессиясында Қазақстан Республикасының Әділет Вице – министрі А.Е. Ахметова Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық ахуал жасау бойынша жүргізіліп жатқан саясат туралы баяндама жасады.

Вице-министр Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды қорғау және тарту үшін құқықтық негіз құруға бағытталған қабылданып жатқан заңнамалық шаралар туралы хабарлады. Сондай-ақ, шетелдік инвесторларға берілетін негізгі кепілдіктерді, жеңілдіктер мен преференцияларды атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы