Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасты

15 Наурыз 2021, 13:57
4181
Бөлісу:
Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасып, стратегиялық маңызы зор өңірдегі қауіпсіздікті, тұрақтылықты және өркендеуді қамтамасыз ету мақсатында ауқымды әрі жемісті ынтымақтастыққа екі тараптың да мүдделі екенін нақтылады.

Екі елдің үкіметтері өзара сауда-экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін шешу бойынша келісілген жұмыстарды жалғастыра береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайы маңында болған әуе апатынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айтқаны үшін Өзбекстан басшысына ризашылығын білдірді.

Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан халықтарына бақ-береке тіледі.

Өзгелердің жаңалығы