Қазақстан мен Өзбекстан институттары келісімге қол қойды 

2 Желтоқсан 2021, 10:38
1416
Бөлісу:
Қазақстан мен Өзбекстан институттары келісімге қол қойды 
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен әлеуеті» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында екі ел институттары арасында меморандумға қол қойылды. 

Тәуелсіздік алғалы біздің елдер халықаралық саясаттағы негізгі бағыттар бойынша өзара қолдау көрсетеді. Елдер арасындағы белсенді ынтымақтастық шекаралас және аймақаралық деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Сауда ынтымақтастық саланы дамыту аясында бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр,- деді Шәукенова. 

Қазақстан мен Өзбекстан институттары келісімге қол қойды 

Оның айтуынша, екіжақты ынтымақтастық достық және сенім негізіне негізделген. 

Біздің елдеріміздің ғылыми-сарапшылық қауымдастығы да өзара серіктесіктікке өзінің үлесін қосып жатыр. Бүгін дөңгелек үстел барысында Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Орталық Азияның халықаралық институты келісімге қол қояды. Институттар арасындағы бұл келісім мен ынтымақтастық дәстүрлі достық қарым-қатынасын одан әрі нығайта түседі деген ойдамыз, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы