Қазақстандықтар ҚХР-дағы туыстарымен қайта қосылуларына жәрдемдесуді сұрады

15 Наурыз 2021, 17:31
1517
Бөлісу:
Қазақстандықтар ҚХР-дағы туыстарымен қайта қосылуларына жәрдемдесуді сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан-Қытай қатынастарының өзекті мәселелері Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің ҚХР Елшісі Чжан Сяомен кездесуінде талқыланды.

Маңызды тақырыптар арасында тараптар Қазақстан азаматтарының ҚХР-да тұратын туыстарымен қайта қосылуларына жәрдемдесу туралы өтініштерін талқылады.

Елші Чжан Сяо өтініш білдіргендердің туыстары ҚХР азаматтары екенін және ел заңнамасын бұзуына орай жазаларын өтеп жатқанын хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес консулдық қызметтер желісі бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы