Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ өкілдері екіжақты ынтымақтастықты талқылады

9 Қазан 2021, 13:30
12451
Бөлісу:
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ өкілдері екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында Қазақстан-Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрліктерінің бірлескен бесінші алқа отырысы өтті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Алқа жұмысына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев бастаған екі елдің ТЖМ делегаттары қатысты.

Іс-шараның мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша төртінші бірлескен алқа отырысының шешімдері мен нормативтік құқықтық актілерін іске асыруда екі жақты ынтымақтастықты үйлестіру.

Отырыс барысында ведомство өкілдері Бішкек қаласында орналасқан Орта Азиялық Жер қолданбалы зерттеу институтының тәжірибесінде жер сілкінісі мониторингі жүйесін пайдалану сынды бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Трансшекаралық өзендерде төтенше жағдайлар мен қауіп-қатерлердің туындауы, су шығындары туралы ақпараттандыру, трансшекаралық аумақта табиғи өрттерді сөндіру бойынша тәжірибе алмасу, сонымен қатар қиын аумақтардан өтетін туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері кезекті рет көтерілді, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, тараптардың 2015-2030 жылдарға арналған апаттар қаупін азайту жөніндегі Сендай негіздемелік бағдарламасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамп тыңдалды.

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ өкілдері екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлері келесідей келісімдерге келді:

- техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар ету және хабардар ету жүйесін дамыту бойынша тәжірибе алмасу;

-су айдындарында іздестіру-құтқару жұмыстарын пысықтау бойынша бірлескен трансшекаралық оқу-жаттығулар мен ТЖ ден қою бойынша жаттығулар және сүңгуірлік жиындар өткізу тәжірибесін жалғастыру.

Алқаны қорытындылай келе, қатысушылар Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ бірлескен алқа отырыстары тиімді өзара іс-қимылды дамытуға, ведомстволар арасында тәжірибе алмасуға және трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайларға бірлесіп жедел ден қоюға ықпал етеді деген ортақ пікірге келді.

 


Өзгелердің жаңалығы