Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ-қырғыз шекарасында героиннің ірі партиясы тәркіленді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Инспекциялық-тексеру кешені мен «Джек» қызметтік иті арқылы Қырғызстаннан елімізге бағыт алған автокөлік ішінде ірі көлемде есірткі анықталды.
Ұсталған азамат Жамбыл облысы ішкі істер департаментіне жеткізілді. Тәркіленген заттың салмағы – 60 келі 370 грамм.
Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, кінәлі тұлға абақтыға қамалды. Енді ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.