Қазақстан Халық партиясының сайлауалды штабының тұсаукесері өтті

11 Желтоқсан 2020, 11:36
1474
Бөлісу:
Қазақстан Халық партиясының сайлауалды штабының тұсаукесері өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Қазақстан Халық партиясының сайлауалды штабының тұсаукесері өтті.

Айта кетейік, 2020 жылғы 10 желтоқсанда алдағы 2021 жылғы парламенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеген саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт кезеңі басталды.

Тұсаукесер барысында ҚКП ОК хатшысы Олжас Сыздықов ҚХП сайлауалды штабының жоспарлары мен алдағы жұмысы туралы толыққанды ақпарат берді. 

Сонымен қатар, салтанатты ашылу рәсімінен кейін БАҚ өкілдері үшін Қазақстан Халық партиясының үгіт-насихат науқанын өткізу мәселелеріне арналған брифинг ұйымдастырылды. Оған ҚХП төрағасы, парламенттік фракцияның жетекшісі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров пен ҚХП ОК хатшысы, Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков қатысты. Олар партияның және оның аймақтық филиалдарының сайлау алдындағы науқанға дайындығы туралы баяндап берді.

Партия мәліметінше, өңірдегі 14 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада партияның штабтары құрылды. Сондай-ақ, басшылары және штабтың науқан кезіндегі кестелері бекітілді.

Өзгелердің жаңалығы