Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан халқының саны бір жылда 245 мың адамға көбейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Қазақстанда халық саны 2021 жылдың 1 қаңтарындағы есептеулер бойынша 18877,1 мың адамды құрады. Оның ішінде қала тұрғындары – 11149,7 мың адам (59,1%), ауыл тұрғындарының саны – 7727,4 мың адам (40,9%).
2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3% көбейді. Бұл кезеңде ең көп жалпы өсім үш аймақта: Алматы қаласында (60,2 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласында (48,5 мың адам) және Шымкентте (38,0 мың адам) айтарлықтай байқалды.