Қазақстан халқы белсенді дауыс беріп жатыр – Президент

10 Қаңтар 2021, 12:50
1464
Бөлісу:
Қазақстан халқы белсенді дауыс беріп жатыр – Президент
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы №58 сайлау учаскесінде таңдау жасады. Дауыс берген соң Президент БАҚ-тың сұрағына жауап берді. 

Жалпы, Парламентке неғұрлым көп партия келсе, біздің еліміздің болашағы үшін соғұрлым жақсы болады. Сондықтан сайлау жақсы әрі әділ өтеді деп ойлаймын. Ең маңызды мәселе – заңдарды сапалы қабылдау. Қазақстан үшін сапалы заңнама жүйесі болса, бұл елімізге де, халқымызға да үлкен жәрдем болады. Барлығымыз осы мүмкіндікті пайдаланып, дауыс беруіміз керек, - деді ол. 
Президент сайлауға көтеріңкі көңіл-күймен келгенін айтты. 
Қазақстан халқы белсенді дауыс беріп жатыр. Белсенділік өте жоғары. Сондықтан сайлау жақсы өтеді деп ойлаймын. Қазақстан болашағы үшін дауыс беріп жатырмыз, - деді ол. 
Айта кетейік, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Өзгелердің жаңалығы