Қазақстан гендерлік теңдігі жоғары деңгейлі елдердің қатарында – депутат

3 Қараша 2021, 15:44
1495
Бөлісу:
Қазақстан гендерлік теңдігі жоғары деңгейлі елдердің қатарында – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Әйелдер ісі бойынша және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы Ләззат Рамазанова «Әйелдер кәсіпкерлігі: жаңа мүмкіндіктер мен проблемалар» брифингінде айтты.

Биыл ТМД елдерінің көп елі сияқты тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелейді. Бұл мерейлі мерекеге Қазақстан гендерлік теңдік жетістігімен келді десек те болады. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен жүргізіліп отырған гендерлік саясат бағдарламалық құжаттарда көрініс тапты. Әйелдер ісі бойынша және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия аясында жұмыс істей отыра біз 30 жылда Қазақстан БҰҰ-ның бағалауы бойынша гендерлік теңдігі жоғары деңгейлі елдердің қатарына кіреді, - деді Ләззат Рамазанова.

Депутат ТМД-ның көп елі бұл көрсеткіш бойынша артта қалғанын да айтты.

Бірақ бұл мақтанатын емес, дерек ретінде айтуға болады. Қазақстандық қыздар үнемі тәуелсіз болды, олар тарихи дамуға бұрыннан құқылы. Жақында елімізде 19 млн-ыншы дүниеге келді. Халықтың 51 %-ын әйел құрап отыр. Ал ауылда 3,8 млн әйел тұрады. Бұл Қазақстан халқының 39,9 %-ы ауылда өмір сүреді деген сөз, – деді ол.
Айта кетейік, елордада 5 қараша күні Ауыл әйелдерінің IV форумы өтеді.
Өзгелердің жаңалығы