Қазақстан елшісі Сербия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

25 Тамыз 2021, 19:05
2298
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Сербия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сербия сарайында Қазақстан елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның президенті Александр Вучичке сенім грамоталарын тапсырды. 

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Рәсімнен кейін өткен екі жақты кездесу барысында серб мемлекетінің басшысы қазақстандық дипломатты қызметке тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтті. 

Президент А. Вучич Белград пен Нұр-Сұлтан арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. 

М. Атамқұлов өз кезегінде Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықты дәйекті түрде дамыту ниеті туралы мәлімдеді. 

Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін іске асыру қажеттілігі туралы, атап айтқанда, жоғары және жоғары деңгейдегі өзара сапарларды, бірлескен жобалар мен бастамаларды ұйымдастыру туралы ортақ пікірге келді. 

Бұл ретте ағымдағы жылы жоспарланған іс-шаралар екі маңызды оқиға – Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25-жылдығы және ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында өтеді. Кездесу соңында А. Вучич елшіге табысты және жемісті жұмыс тілеп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектерін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы