Қазақстан елшісі Оман Сұлтанына сенім грамоталарын тапсырды

5 Қараша 2020, 19:38
1305
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Оман Сұлтанына сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы елшісі Нәжмедин Мұхаметәліұлы Оман Сұлтаны Хейсам бен Тариқ әл-Саидке сенім грамоталарын табыстады.

Салтанатты рәсім барысында дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемдемесі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан тарапының ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Осы ретте, екі ел арасындағы экономикалық, инвестициялық және мәдени әрекеттестікті одан әрі кеңейту мақсатында үкіметаралық комиссияны құрудың маңыздылығы айтылды.

Өз кезегінде, Сұлтан Хейсам бен Тариқ Қазақстанды өз елінің сенімді әрі маңызды әріптесі ретінде қарастырып, екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай тереңдетуге әзірлігін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы