Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-чех үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары – Чех Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Мартин Тауберова мен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың кездесуі өтті.
Кездесуге Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Чех Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі қатысты.
Өткен кездесу ҮАК 11-ші отырысына дайындық кезеңдерінің бірі болып табылады, оны өткізу Прага қаласында 2-ші жартыжылдықта жоспарланған.
Өзінің қарсы алу сөзінде Сауда және интеграция вице-министрі Қ. Төребаев үкіметаралық комиссия жұмыс істеп тұрған уақытта өзін өзара ынтымақтастық мәселелерінің кең спектрі бойынша нақты шаралар қабылданатын алаң ретінде танытқанын атап өтті.
Тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, алдағы отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді, сондай-ақ COVID-19 пандемиясы (медициналық техниканы, жабдықтарды, дәрілік препараттарды және т.б. өнімдерді жеткізу) кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Бүгінгі таңда біздің елдеріміз жалпы құны 135 млн доллар болатын қуаттылығы 50 МВт күн электростанциясы құрлысының жобасы іске асырылады, сондай-ақ жалпы сомасы 700 млн доллар болатын 6 жоба қосымша пысықталуда.
Қазақстандық сарапшылар сауда ынтымақтастығын дамыту мақсатында Чехия нарығына шығарылуы мүмкін әлеуетті тауарлардың тізбесін дайындады. Бұл жалпы сомасы 324,8 млн доллар болатын 45 өнім атауы. Бұл мұнай-химия салаларының өнімдерін жеткізуді 144 млн доллар, металлургия – 61,5 млн доллар, тамақ өнеркәсібі – 58 млн доллар, химиялық – 20,4 млн доллар, машина жасау – 26,1 млн доллар және құрылыс тауарлары 14,8 млн доллар.
Кездесу барысында қазақстандық тарап бірқатар ұсыныстар айтты:
- Чехияның атом энергетикасы кәсіпорындарына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ табиғи уран концентраттарын және уран өнімдерін жеткізу;
- Станоктарды жөндеу және жаңғырту және олардың жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерін өндіру жөніндегі орталықты (технопарк), сондай-ақ отандық өндірістерде одан әрі қолдану үшін Қазақстанда компоненттік база өндірісін дамыту жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын құру;
- Қытайдан Еуропаға Чех Республикасына/нан/арқылы контейнерлік жүктерді (жүк тасымалдарын) дамыту.
Жалпы, оң үрдістердің ішінде Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 2019 жылы 380,4 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,2%-ға жоғары (292,2 млн доллар).
Сонымен бірге, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2020 жылдың 11 айында өзара сауда-саттық 9,9%-ға төмендеп, 312,4 млн долларды құрады.
Сонымен қатар, осы кезеңде Чехияға қазақстандық экспорт 4,5%-ға (64,7 млн доллар) және Қазақстанға Чехиядан импорт 11,2%-ға (247,6 млн доллар) қысқарды.
Кездесу соңында вице-министр Қ.Төребаев тараптар алдағы отырыс кезінде тиімді диалог құруға көмектесетін барлық мәселелерді талқылағандарын, бұл өз кезегінде екі елдің одан әрі стратегиялық әріптестігіне елеулі үлес қосатынын атап өтті.