«Қазақстан барысы» неге көзіне жас алды?

25 Мамыр 2021, 01:17
3676
Бөлісу:
«Қазақстан барысы» неге көзіне жас алды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы, 3 дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат берді.

Спортшы сұхбат барысында отбасы, алдағы жоспары туралы әңгіме өрбітіп, спорттағы алғашқы жетістіктерін есіне алды.

Кезінде телевизор үшін, кілем үшін де күрестім. Ол жаңа күресіп жүргенде. Түйе үшін күрестім. Кейін тек көлік үшін ғана күресетінмін. Ол кезде мен өзіме сенімді едім. Спортшы майдаланбау керек. Қанша қалтамда ақша болмаса да, ақша керек болса да, өзімнің ұтатынымды білсем де жарыстарға қатыспайтынмын. Өзіме тек көлік үшін күресем деп шарт қойған едім. Себебі, Қазақстанның қай аумағы болсын барып, күресіп келетінмін. Жалғыз барып, көлік айдап қайтып жүрдім. Бір аптада 3 көлік ұтқан кездерім болды. Тек Шығыс Қазақсанға барғанда көлік ұта алмадым. Оны мойындау керек. Ол кезде жаспын. Жасым 20-дан асқан кездер. Қазақстан барысына ең бірінше қатысқанда да өзіме 100 пайыз сенімді болдым. Мен ұтамын деп сендім. Қарсыластарыма «бармай-ақ қойсын, мен бара жатыр деп айт» дейтін едім, – дейді балуан.
Спортшының ендігі мақсаты – Қазақстанның атын шығаратын шәкірт тәрбиелеу.
Алдағы бір-екі жылда орындаймын деген жоспарларым бар. Оның бәрін айтқым келмейді. Мал-жанымды сатсам да, соны жасаймын. Мен өзім о дүниеге кетем бе деп ойлаймын. Алла біледі ғой. Мүмкін 100 жасайтын шығармын. Бірақ о дүниеге кететін шығармын деп ойлаймын. Бәрі Алланың қалауымен. Ақыры баратын жеріміз болған соң, таза кезімізде барған дұрыс па деймін. Ақшаға алданып, атаққа алданып, күнә арқалағым келмейді. Аллаға ризамын. 10 көлік жуу орным бар. Бала-бақшам бар. 150 бас жылқым бар. Өз күнімді көре аламын. Кейде аулаға шығып 40 мың теңге айлық алып жүрген адамдармен сөйлесемін. Оларға ақша жетпейді. Бірақ бәрі бар. Ал ақшасы жететін адамдарға басқа жетпейді, – дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы