Қазақстан әлемде интернет жиілігі бойынша үш сатыға жоғарылады

9 Наурыз 2021, 14:12
2307
Бөлісу:
Қазақстан әлемде интернет жиілігі бойынша үш сатыға жоғарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мобильдік интернеттің жиілігі бойынша жылдың алғашқы айындағы жаһандық рейтингінде Қазақстан 103-орынға тұрақтаған, деп жазды ranking.kz.

Әлемде ең жылдам интернеті бар елдер көшін Біріккен Араб Әмірліктері бастады. Мұнда оның жиілігі секундына 183,03 мегабит. Алғашқы бестікке Оңтүстік Корея, Катар, Қытай мен Сауд Арабиясы енді. 

Бұған дейін 106-орында болған Қазақстан үш саты жоғарылап, 103-орынға тұрақтап, өсім көрсеткен елдер рейтингісіне енді. Елдегі интернет жиілігі бір жыл ішінде 6,6%-ға артып, секундына 20,15 мегабитке жетті. Қазіргі күні Қазақстан мен Қырғызстан Орталық Азияда интернет жиілігі бойынша көш бастап тұр. 

Бір айта кетерлігі, елде интернет трафигін пайдаланушылар саны артып келеді, соған қарамастан интернет жиілігі баяуламаған.

Өзгелердің жаңалығы