Қазақстан 2060 жылға дейін көмірден толық бас тартуы мүмкін

10 Қыркүйек 2021, 06:36
17429
Бөлісу:
Қазақстан 2060 жылға дейін көмірден толық бас тартуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов Қазақстан қашан көмірден толық бас тартатындығын айтты, деп жазды otyrar.kz.

Париж келісімі міндеттемелерін жүзеге асыру және 2060 жылға қарай «нөлдік» шығарындыларға қол жеткізу үшін Қазақстанның көміртектен бейтараптығы тұжырымдамасын әзірлеу жұмысы аяқталады. Қазақстан шығарындылардың нөлдік балансына қол жеткізуі үшін айтарлықтай өзгерістер жасау, жаңартылатын энергия көздерін қолдануын кеңейтуі,энергия тиімділігін арттыру және биоотын мен сутекке көшуі қажет, – деді вице-министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісі барысында.
Оның атап өтуінше, тұжырымдама нәтижелері газ бен мұнай өнімдерін төмендету қажеттігін және 2060 жылға қарай көмірден толықтай дерлік бас тарту қажеттігін көрсетті.
Тұжырымдама биыл Глазгода өтетін Климат жөніндегі тараптардың 26-конференциясында ұсынылатын болады, – деді Ахметжан Пірімқұлов.

Өзгелердің жаңалығы