Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

5 Қазан 2021, 11:18
5808
Бөлісу:
Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары
PHOTO
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде ауыл шаруашылығын дамытуға көңіл бөлініп жатыр. Ол үшін мемлекет тарапынан субсидиялауға миллиондап қаржы бөлінуде. Осы орайда өсімдік шаруашылығының қалай дамып жатқанын көру үшін Түркістан облысы Қарасу ауылдық округіндегі алма өсірумен айналысатын бауға бардық.

Қарасуда өсімдік шаруашылығы саласында жұмыс істейтін «Dala Fruit» компаниясы бар. Ол 2012 жылы құрылған. Оның негізгі қызметі - алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, алма мен басқа да жемістерді өсіру, сақтау және өңдеу.

Алма кәсібі, жалпы оны қалай өсіріп, күтіп, сақтау керегі жайында Dala Fruit» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры Сапарбек Ержігітов әңгімелеп берді.

Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

Ол 2013 жылдан бастап осы салада еңбек етіп келе жатқан маман.

Қазір көріп тұрғандарыңыз - Сайрам ауданы Әйтеке би ауылындағы 135 гектарды құрайтын бау. Бұл аласа бойлы алма ағаштары. Одан бөлек, өрік және шие де ектік. Бұл жеміс ағаштары 2013 жылы егілген. Талдың екі түрі болады: негізгі сорт және тозаңдатқыш. Талдардың жүйек аралығы 4 метр, ал талдардың реттік аралығы 1 метрден орналастырылған. Яғни техниканың жүруіне ыңғайлы етіп егілген. Бір гектарда 2,5 мың көшет бар. Бізде алманың негізгі 5 сорты өсіріледі – гренни, голден, фуджи, айдаред, джонаголд. Одан бөлек, пинк леди, ред чиф, скарлет супер, брэбурн, ред делишес те бар. Алма ағаштары тамшылатып суғарылады. Бұл жүйе суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Биыл өте қатты ыстық болды. Шамамен 180 күн бойы жаңбыр болмады, - деді маман.
Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

Айтуынша, орташа өнім жыл сайын көбейіп келеді. Алғашында гектарына 3 тоннадан жиналатын. Былтыр алманың бір сортынан 77 тонна өндірілген. Биыл голден өте жақсы өнім беріп жатыр (52-55 тонна). Ал жалпы өндірістік қуаты – жылына 8 000-10 000 тонна алма.

Өнімділік жылдан-жылға көбейіп жатыр. Өнімді өз қоймамызда сақтаймыз. Алма облыс аймағына, Шымкент, Қызылордаға жіберіледі. Одан бөлек, Ресейге (Новосібір, Мәскеу) экспортталады. Алма терімі біткеннен кейін, яғни желтоқсан, қаңтар айларында алмаға сұраныс өте жоғары болады, - деп түсіндерді Сапарбек Ержігітов.
 

Оның сөзінше, Қазақстан нарығына алманың 70%-ы сырттан келеді. Әсіресе, Польша, Туркия, Ираннан импортталады.

Компанияның өнім сақтау қоймасы - Қазақстандағы жалғыз қойма. Мұнда өнімдерді 12 айға дейін сақтауға мүмкіндік бар.

Бұл - жеміс-жидекті сақтау қоймасы. Қойма екі этаптан құралған. Сондай-ақ алдын ала салқындатып, газ реттеп сақтайтын камералармен жабдықталған. Яғни мұнда ішіндегі ауаны реттейтін қондырғылар орналастырылған. -20С-қа дейін сақтайтын камералар да бар. Алманы сұрыптайтын бөлім бар. Сұрыпталған алмалардан ешқандай қоспасыз шырын жасалады. Бұл қоймада 15 мың тоннадай алма сақтауға болады.

Маман үсік жүрген кезде жемістерді сақтап қалуға қиынға соғатынын айтты. Биыл өріктер үсік салдарынан аз шыққан.

Үй жағдайында алманы қалай сақтауға болады?

Бұрын ата-бабамыз алманы қалай сақтаған? Неге газетке ораған? Газеттегі жазудың бояуы цинктен жасалған. Соның әсерінен алма ұзақ сақталған. Одан бөлек, бұрын биіктеу немесе салқындау жертөлеге сақтайтын. Ол жерлерде температура бірқалыпта тұратын. Түлкібас аймағында да алманы жертөледе сақтайды. Сөйтіп, жаңа жылға дейін ұстайды. Жертөлені бір рет ақшаннан кейін алма әрі қарай ұзақ сақталмайды. Себебі ондағы температура бұзылады, - деп айтты Сапарбек Ержігітов.
 

Бұл - бауды суаруға арналған бассейн. Су қондырғылары арқылы тамырларына бірден тыңайтқыштар жіберіледі. Бұл бассейн арқылы 45 га жер суғарылады.


Бұл бауды егу үшін жердің барлығы тегістелген. Ой, шұңқыр болып жатқан. Түрлі техниканы алып келіп 3 айдай жерді тегістеп, қажетті тыңайтқыштарды сепкенбіз. Осыдан кейін барып қана жеміс өсіруге дайын болды. Суды төменнен насоспен аламыз. 16 метрдей тереңдікте арық бар. Бізде ағысып суғаратын су жоқ. Сол себепті суды үнемдеу үшін тамшылау жүйесін қолданамыз. Бауда суды жинақтайтын арнайы бассейн бар. Ағашқа берілетін тыңайтқыштар қондырғылар арқылы жіберіледі, - деп айтты ол.
Бауда шамамен 2 агроном, жалпы 30-дан аса маман штатта жұмыс істейді. Ал алма терімі басталғанда 150-200-ге жуық адам жұмылдырылады. Мерзімдік жұмыс болғандықтан келісімшарт жасалып, жұмысшылар алынады.

Алманы сұрыптау, сақтау жүйесі

Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

Кәсіпорынның бас технологы Еркебұлан Урүстембеков алманы сұрыптау мен сақтау жүйесін түсіндіріп берді.

Алманы сұрыптау аппараты сағатына 6 тонна сұрыптайды. Бұл құрылғының өндірушісі – Италия. Бұл аппарат алманы түс және калибр бойынша бөледі. Соның арқасында әр қорапта біркелкі алма жиналады. Сондай-ақ салмақтары да калибріне байланысты бірдей болып келеді, - деді маман.
Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

Айтуынша, алма аппаратқа су арқылы түседі. Нәтижесінде алма ұрылмайды. Ол тұтынушылар осындай әдемі, құрттамаған алмалар өзімізде шығарылатынына сенбегенін айтты.

Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

Бұл мониторинг жасайтын жүйе. Бұл жерде әр камераның, корридордың температурасын бақылап отырамыз. Одан бөлек, сұрыптау бөлімінің де температурасы бақылауда. Дәл қазір 20С. Қажет кезде 10-15С-қа дейін төмендетеміз. Мысалы, алманың температурасы алдын ала сақтау қоймасына түседі. 13 камерада алманың температурасы 1,5С болып тұр. Яғни ол сақтау температурасына жеткен. Бұл камерада реттелетін газ ортасы (РГО) жүйесі қосылып тұр. Қазір оттегінің пайызы 2,74-ті құрайды. Температура әр алманың сортына байланысты өзгереді. Дегенмен өзгеріс тек 1-2С-ты ғана құрайды. Алма сорттау аймағында 15С-та ұсталады. Себебі алманы мұздатқыштан шығарған кезде температурасы төмен болады. Егер бірден жоғары температура аймағына кіргізетін болсақ, онда алма стресс алып, бұзыла бастайды, - деп түсіндірді технолог.
Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

Сол себепті алдын ала сақтау қоймасында алманың температурасын 35С-тан 5С-қа дейін дейін төмендетеді. Кейін РГО камерада 5С-тан сақтау температурасына дейін түсіреді. Бұл процесс шамамен 1-2 апта бойы жүргізіледі.

Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

Әр қоймада бір сорт алма сақталады. Шамамен 15 200 тонна сақтауға қауқары бар.

Алма өсірудегі негізгі қағида қандай?

Ауыл шаруашылығы саласы маманы болмаса да, алманы өсіретін адам оны түсінуі керек. Жердің қадірін білгені дұрыс. Топырақтың құрамын анықтайтын түрлі зертханалар бар. Онда осы жерде алманы өсіруге бола ма, жоқ па соны зерттейді. Суғару жүйесін де білгені дұрыс. Суды қайдан аласың, оның құрамы қандай? Оны да зерттеу керек. Осы дүние бастысы. Сондай-ақ ауа райының жоғарылығынан алманың дәмі тәтті болады. Күн сәулесі алмаға дәм, түс, көлем береді. Әрине көлеміне су мен минералды тыңайтқыштар да әсер етеді. Егер бір элемент жетпесе, онда алмаға, оның жапырағына талдау жасалады. Жерге де талдау жасалып, тыңайтқыш себіледі.

Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

Кәсіпті дамытуға қандай қолдау көрсетіледі?

Шаруашылықты дамыту үшін «Сбербанктен» АҚ ЕБ 5 млрд теңге несие алдық. Одан бөлек, еккеннен кейін алғашқы жылдары 40%, кейін 25% шығынды мемлекет көтереді. Негізі бұл мәселе нақты ережемен реттеледі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарқынды баудың қаржыландырылуына қатысты арнайы ережесі бар. Ауыл шаруашылығы кәсібі өте тәуекел бизнес. Себебі кәсіп ауа райымен тікелей байланысты, - деді Сапарбек Ержігітов.

Маманның айтуынша, кәсіпорында логистика дамыған. Бірнеше камаз бар. Өнімді тиісті жерге жеткізу үшін жұмыс істейді.

Бұл құрылғылар «Сбербанктен» алынған қаражатқа сатып алынған. Сондай-ақ қарқынды бау мен заманауи технологиялар осындай қолдаудың арқасында қол жеткізілді, - деп айтты ол.
Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

Сонымен қатар соңғы жылдары пандемия жағдайында тек қазақстандық қана емес, әлемдік экономика да зардап шекті. Осыны ескере келе, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жергілікті бизнеске ауқымды және жедел қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті, бұл өз кезегінде жұмыс орындарын сақтауға, экономиканы тұрақтандыруға және елдегі әлеуметтік жағдайды жақсартуға септігін тигізетіні анық.

Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

«Сбербанк» АҚ ЕБ карантин кезеңінде инвестициялық жобаларды қаржыландыруын үзген жоқ, қайта экономиканың нақты секторына белсенді түрде несие бере бастаған екінші деңгейдегі банктердің бірі болды. Нәтижесінде отандық кәсіпкерлер өндіріс көлемін ұлғайтып, экспорттық әлеуетті арттыра алды.

Біз ЕДБ арасында «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы-2020, 2025», «Нұрлы жер», БҰҰДБ сияқты кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысушылар арасындағы көшбасшылардың біріміз. Осы бағдарламалардың шеңберінде 750 млрд теңгеден астам сомаға 8,5 мыңға жуық жоба мақұлданды, 65 млрд теңгеге «Дамудың» 6 мыңнан астам кепілдігі алынды, – деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасының орынбасары Александр Титов.
Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

«Dala Fruit» компаниясы «Сбербанктің» көмегімен жеміс қоймаларын салып, ауыл шаруашылығы кластеріне қызмет көрсететін инфрақұрылым құра алды (DAF, VOLVO, KRONE маркалы магистральдық автопоездардың 81 жиынтығы сатып алынды).

100 теңгеден 300 теңгеге дейін

Алманың бағасы 100 теңгеден 300 теңгеге дейін барады. Өте төмен. Дүкендерде 500 теңгеден жоғары. Бұл бағалар сортына қарай қойылады. Көтерме бағамен алатын тұтынушыларымыз бар, олар мамандарымызбен арнайы келісімшарт арқылы сатып алады. 10 келіден аса алса, осы баға болады. Алмаларды сұраныс бойынша дүкендерге таситын екі көлігіміз бар, - дейді кәсіпорынның Өндіріс жөніндегі директоры Сапарбек Ержігітов.
Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

Бұл кәсіпорында ұрылып, соғылған алмалардан шырын дайындалады. Ол арнайы жабық қондырғы арқылы сығылады. Ешқандай концентраттар қосылмайды. Сығылған шырындар арнайы шыны ыдыста сақталады.

Қазақша алма кәсібі: Өнімді сақтаудың жаңа технологиялары

Тоқаев тапсырмасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы халыққа Жолдауында аграрлық саясатта сабақтастық болмай отырғанын айтты.

Бірыңғай негізгі бағыт болуы қажет. Соған сәйкес субсидиялау тәсілдерін қайта қарап, тұрақтандыру керек. Соңғы бес жылдың өзінде субсидиялауға екі триллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Өкінішке қарай, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы субсидияны талан-таражға салуға байланысты болып отыр.  Бұған жол беруге болмайды. Нормативтік негізін нығайтып, тиімді жоспарлау және мониторинг жүргізу жүйесін енгізу қажет. Субсидияны рәсімдеу тәртібі түсінікті әрі толығымен ашық болуға тиіс. Шағын және орта шаруашылықтар үшін субсидия толығымен қолжетімді болуы керек.  Ауыл шаруашылығын технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтауды қолдау тәсілдерін мұқият қарауымыз қажет. Агроөнеркәсіп кешені қолданатын технологияның шамамен 90 пайызы әбден ескірді. Оны жаңарту керек. Ауыл шаруашылығын субсидиялау саясатын өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатпен ұштастырған жөн, - деген болатын Президент.

Өзгелердің жаңалығы