«ҚазАқпарат» ұжымы «Ең мейірімді редакция» атанды

3 Желтоқсан 2021, 17:40
2215
Бөлісу:
«ҚазАқпарат» ұжымы «Ең мейірімді редакция» атанды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ең мейірімді» байқауында «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ ұжымы «Ең мейірімді редакция» аталымы бойынша жүлделі II орынға ие болды.

Байқау бойынша, Қостанай облысынан «Ритм» газеті I орын алса, Атырау облысының «Мақат тынысы» газеті III орын иеленді.

Айта кетейік, «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ ұжымы мұқтаж отбасылар үшін қайырымдылық шараларын 2016 жылдан бері жүйелі ұйымдастырып жүр. Әр отбасыға азық-түліктер үлестіріліп, ақшалай да көмек беріліп келеді.

«ҚазАқпарат» ұжымы «Ең мейірімді редакция» атанды

Қайырымдылық акциялары әр жылы дәстүрлі түрде Наурыз мейрамы, «Мектепке жол» акциясы, Ораза айт, Құрбан айт мерекелерінде және Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылады. Сондай-ақ аталған акциялардан тыс, науқас жандардың еміне қаражат та жинап беріп келеді.

Бүгінге дейін агенттік ұжымы 20 отбасыға қолұшын созды. Соның ішінде 4 отбасы тұрақты қамқорлыққа алынған. Осы ұжымның тұрақты қамқорлығындағы 4 отбасыға қосымша көмек көрсету үшін кәсіпкер азаматтардың да демеушілік қаражаты тартылады. Бұдан бөлек, агенттіктің жеке қызметкерлері де акциялардан тыс, өз еркімен және жеке қаржысына жәрдем беріп келеді.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаттарының бірі – жақсылыққа жаны құмар адамдарды біріктіру және ұйымдастыру, қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін, жомарттық пен жақсылық идеясына негізделген қоғам құру.

«ҚазАқпарат» ұжымы «Ең мейірімді редакция» атанды

Өзгелердің жаңалығы