Қазақ жазушысы Шолохов атындағы сыйлыққа ие болды

9 Маусым 2021, 21:05
3005
Бөлісу:
Қазақ жазушысы Шолохов атындағы сыйлыққа ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі жазушы, әдебиеттанушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Иманғазы Нұрахметұлы Нобель сыйлығының лауреаты М. Шолохов атындағы медальдің иегері атанды.

Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлады.

Жазушының Мөде қағанның өмірі арқау болған «От пен Су» романы үшін берілген бұл марапатты «World of peace» халықаралық шығармашылық бірлестігі тағайындаған.

Еске сала кетейік, ол «От пен Су» романының, «Қайыршылар қақтығысы», «Бақсының күлкісі» секілді бірқатар кітаптардың авторы.

Өзгелердің жаңалығы