Қазақ тілінің ұлтаралық тіл есебінде қызмет атқаратын кезеңі келді – ҚХА

22 Қазан 2020, 11:44
2819
Бөлісу:
Қазақ тілінің ұлтаралық тіл есебінде қызмет атқаратын кезеңі келді – ҚХА
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумы өтті.

Баршаңызға белгілі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «қазақ тілі баршаны біріктіретін, жастарды жақындастыратын татулық тіліне айналуға тиіс» деген болатын. Ендеше, республикамыздағы мемлекет құрушы ұлт тілі - мемлекеттік тіл толыққанды өз функциясын атқарып отыр, ұлтаралық тіл есебінде  қызмет атқаратын кезеңі келді деп есептейміз. Осы тұрғыда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналу кезеңі келеді деп есептеймін» деген сөзі жүзеге асуда,- деді  Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев.
Қазақ тілінің ұлтаралық тіл есебінде қызмет атқаратын кезеңі келді – ҚХА

Өз кезегінде ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Марат Әзілханов Қазақстан түрлі тарихи кезеңдерде ұлт пен ұлыстарға құшағын ашып, жәрдемдескенін айтты.

Көпұлтты халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің нәтижесінде бүгінде ұлтаралық қарым-қатынастың қазақстандық бірегей үлгісі қалыптасты. Бұл орайда қазақстандық модель туралы айтқанда  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін ерекше атап өтуіміз керек. Мемлекет басшысы да осы салаға қатысты бастамалары өте көп, - деді ол.
Қазақ тілінің ұлтаралық тіл есебінде қызмет атқаратын кезеңі келді – ҚХА

Әзілханов атап өткендей, тіл саясаты аясында  жүзеге асырылып жатқан шараларды айтып берді.

Қазақ тілін ұлтаралық қолданыс дәрежесіне жеткізу үшін сіздер сияқты жалынды жастардың көмегі керек. Өзгелер сіздерге қарап бой түзеп, үлгі алады, - деді Әзілханов. 
Айта кетейік, форумға Мәжіліс депутаттары мен қоғам қайраткерлері, ҚХА мүшелері және өңірлерден келген 14 этнос өкілі қатысты.

Форум соңында ҚХА-ның 25 жылдығына арналған меркелік медаль табыс етілді. 

Қазақ тілінің ұлтаралық тіл есебінде қызмет атқаратын кезеңі келді – ҚХА

Қазақ тілінің ұлтаралық тіл есебінде қызмет атқаратын кезеңі келді – ҚХА

Қазақ тілінің ұлтаралық тіл есебінде қызмет атқаратын кезеңі келді – ҚХА

Қазақ тілінің ұлтаралық тіл есебінде қызмет атқаратын кезеңі келді – ҚХА

Өзгелердің жаңалығы