Қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ – Тоқаев

1 Қыркүйек 2021, 12:56
4180
Бөлісу:
Қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналды. Мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс. Сондықтан қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата Заң бойынша мемлекетте тек бір ғана тіл бар, ол – қазақ тілі, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы заң бойынша орыс тілі ресми тіл екенін айтты.

Оны қолдануға заң бойынша тыйым салуға болмайды. Болашағын Отанымен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін меңгеруге ден қоюы тиіс. Жастар өзге тілдерді, оның ішінде орыс тілін меңгерсе, еш ұтылмайды. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара – әлемдегі ең ұзақ шекара. Орыс тілі - БҰҰ-дағы ресми 6 тілдің бірі. Сондықтан бұл мәселеге парасаттылықпен қарау керек. Қазақстан өркениетті диалог пен өзара сыйластықты дәріптеуі керек, - деді ол.

Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостансалардан онлайн көрсетіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы