Қазақ күйлерінен тұратын бірегей жинақтың тұсаукесері өтті

25 Ақпан 2021, 19:56
1599
Бөлісу:
Қазақ күйлерінен тұратын бірегей жинақтың тұсаукесері өтті
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы ұлттық академиялық кітапханада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Қазақ күйлерінің антологиясы» атты бірегей жинақтың тұсаукесері өтті. 

Қазақ күйлерінен тұратын бірегей жинақтың тұсаукесері өтті
Күй – өзге жұрттарда кездеспейді. Тек қазақтың бір бөлшегі саналатын, ұлттың бітім-болмысын айқындайтын жауһарлардың бірі. Ұлтымыздың өшпес рухы. Сонымен қатар «Аманат» жобасының тек бұл жинақпен тоқтап қалмайтынын еске саламыз. Әлі де үлкен жұмыстар атқарамыз, - деді шара барысында сөз алған Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл.

Қазақ күйлерінен тұратын бірегей жинақтың тұсаукесері өтті

Қазақ күйлерінен тұратын бірегей жинақтың тұсаукесері өтті

Қазақ күйлерінен тұратын бірегей жинақтың тұсаукесері өтті

Ал жобаның бірлескен авторы, PhD докторы Мүслім Хасенов бұл еңбектің қазақ халқы үшін маңынасы зор екенін жеткізді.

Бұл туындының келер буынға берері мол. Жоба «Сауап» қоғамдық қорының бастауымен жүзеге асырылып отыр. Оны тек тыңдап қана қоймай, сонымен қатар әр күйдің тарихын біліп, мағынасын түсінуге болады. Жинақта сирек кездесетін антиквариаттар жазылған цифрлық құрал бар, - деді ол. 

Қазақ күйлерінен тұратын бірегей жинақтың тұсаукесері өтті

Қазақ күйлерінен тұратын бірегей жинақтың тұсаукесері өтті

Оның айтуы бойынша коллекция ерекше құнды және оны уақыт өте әлем елдеріне тарату қажет. 

Қазақ күйлерінен тұратын бірегей жинақтың тұсаукесері өтті

«Аманат» жобасы тек осы жинақпен тоқтап қалмайды. «Сауап» қоғамдық қоры «Қазақтың жыр-дастаны терминологиясы» атты жинақты шығару жұмысын бастап кетті, - деп қосты ол. 

Қазақ күйлерінен тұратын бірегей жинақтың тұсаукесері өтті

Белгілі күйшілердің сүйемелдеуімен өткен іс-шарада жинақтың авторлары, құрастырушылары, профессорлар, зерттеушілер және виртуоз музыканттар жоба бойынша жұмыстың барысын және осы жинақты шетелде насихаттаудың жаңа мүмкіндіктері туралы әңгімелесті.


                                                                                      Наурызбаева Ұмсындық

Өзгелердің жаңалығы