Қазақ қолжазбаларын электронды форматқа ауыстыратын бағдарлама үздік атанды

15 Ақпан 2021, 13:42
1507
Бөлісу:
Қазақ қолжазбаларын электронды форматқа ауыстыратын бағдарлама үздік атанды
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушысы қазақ қолжазбаларын танитын бағдарлама ойлап тапты. Мобильді қосымша республикалық байқауда «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» бағыты бойынша ғылыми жобалардың республикалық байқауында үздік атанды.

Мобильді қосымша қолжазба түрінде сақталған кез келген құжатты оқып, электронды форматқа ауыстырады. Алдағы уақытта жоба қалың бұқараға таратылмақ.

Алар Берікұлы бағдарламаны карантин кезінде жазған. Қолжазбаларды танып-білетін мобильді қосымшаны әзірлеуге екі айдай уақыт кеткен.

Мобильді қосымша алдымен қолжазбадағы әріптерді бөлек-бөлек оқиды. Кейін тұтас сөзді шығарады, сонымен қатар, мәтіннің өзге сегменттерін таниды. Әр белгі 32:32 көлемінде болады. Бағдарламаны жасау үшін көптеген ғылыми әдебиет оқуға тура келді. Себебі, біздің өңірде бұл бағытта маманданған айти мамандары жоқ. Осы күнге дейін қосымшаны бірнеше рет сынақтан өткіздік. Мәтіндерді 99%-ға таниды, - дейді оқушы.

балка1.PNG


Бағдарламаны жасамас бұрын оқушы мен оның мұғалімі кәсіби мамандардың көмегіне жүгінген. Торайғыров университетінің айти-мамандары қолғабыс жасап, Алар Берікұлына жетекшілік етті.

Облыста нейронды желілерді зерттейтін мамандар тапшы. Оларды іздеп көрдік. Таппаған соң екі ай бойы ғылыми мағлұматтарды зерттедік. Сол материалдардың негізінде бағдарлама жазылды. Біз қазақ тілінде жазылған мұрағаттық қолжазбаларды сандық форматқа ауыстыруға үлесімізді қосқымыз келеді, - дейді Алар Берікұлы.

Бірінші кезекте мектеп кітапханасында 20 жыл бойы жиналған қолжазбалар цифрландырылмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Өзгелердің жаңалығы