KazAID құрылымы қандай болады?

19 Тамыз 2020, 12:16
1441
Бөлісу:
KazAID құрылымы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев KazAID ұлттық агенттігін құру мәселесі талқыланған баспасөз конференциясында айтты.

Ашықбаев жоспар бойынша агенттіктің штат саны алғашында 15 адамды құрайтынын айтты.
Біз көп дегенде 4 өңірлік департамент құруды қарастырып отырмыз. Яғни, олар өңірлік жобалар. Жобалық қызмет үшін бюджеттік қаржы қарастырылмаған. Қазір агенттіктің құрылуына негізгі капитал үшін бөлуге ұсынылып отырған қаржы 100 млн теңге болып отыр. Бұл өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылады. Қаржыландыру шетелден келеді, - деді ол. 
Ашықбаев атап өткендей, ресми көмек көрсету мәселесінде ең алдымен Орталық Азия өңірі басымдыққа алынады.
Электронды үкімет, ХҚКО тұжырымдамалары бар. Мақсатты қызығушылық бар. Сыртқы донорлар мен агенттіктер де қызығушылық танытып отыр. Бұл елдерге тәжірибені зерттеу керек. Біздегі жағдай өте ұқсас. Қазақстанда сәтті апробацияланған жобалар көрші елдерде аз қаржының жұмсалуы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы