Қаза болған ақтөбелік инспекторлардың отбасыларына медаль табысталды

15 Желтоқсан 2020, 18:19
1745
Бөлісу:
Қаза болған ақтөбелік инспекторлардың отбасыларына медаль табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығы Атығай Арыстанов мереке қарсаңында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан батырлардың отбасымен кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған төтенше жағдай кезінде ішкі істер органдары тәулік бойы қызмет атқарды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері дәрігерлер сияқты алдыңғы қатарда болды және карантин шараларының қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етті.

Осыған орай 14 желтоқсанда Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығы Атығай Арыстанов Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан батырлардың отбасымен кездесті. Департамент бастығы биыл 4 шілдеде коронавирустық пневмониядан қайтыс болған Хромтау АПБ учаскелік полиция инспекторы Айбат Абиевтің шаңырағына барды.

Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, карантин уақытында заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін министр Ерлан Тұрғымбаевтың атынан батырдың отбасына «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.

Қаза болған ақтөбелік инспекторлардың отбасыларына медаль табысталды

Сонымен қатар пандемия кезінде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан тағы бір батыр Хромтау АПБ бастығы Марат Бекетаевтың отбасына Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалі табыс етілді.  

Айта кетейік, Марат Бекетаев 25 маусымда жұмыс орнынан ауруханаға жатқызылған және коронавирустық пневмония диагнозымен стационарлық емделуде болған. Ол 1 шілдеде коматозды күйде есінен танып, қайтыс болған еді. Тәртіп сақшылары батырлардың жұбайлары мен ата-аналарына құрмет білдіріп, гүлдер мен сыйлықтар табыс етті.

Біз Қазақстан Республикасы азаматтарының тыныш өмірі үшін өз өмірін қиған әрбір полиция қызметкерінің бейнесін, игі істері мен ерлігін есімізде, жүрегімізде мәңгі сақтаймыз. Олардың әрбір батырлығы мен іс-әрекеті ерлік деп бағаланады, – деді департамент бастығы.

Өзгелердің жаңалығы