«Қайрат» өз тарихында алғаш рет «Барселонаға» есе жіберді

2 Мамыр 2021, 14:25
2174
Бөлісу:
«Қайрат» өз тарихында алғаш рет «Барселонаға» есе жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалында Алматының «Қайрат» клубы Испанияның «Барселона» клубынан ұтылып қалды. 

Ойын Хорватияның Задар қаласында өтті. Матч 3:2 есебімен «Барселонаның» пайдасына шешілді. Қайрат» сапынан Диего Фаверо (25-минутта) мен Фернандиньо (36-минутта), мергендік танытты. Испания клубынан Феррао (16, 21, 33-минуттарда) хет-трик жасады.

Бұған дейін екі команда үш рет кездескен. Барлығында Қайрат» жеңіске жеткен. Финалда «Барселона»  Португалияның «Спортинг» командасымен кездеседі. Ол командада Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан бар.

Өзгелердің жаңалығы