Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілді

2 Қараша 2020, 17:35
2086
Бөлісу:
Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік комитеті қауіпті жүктерді халықаралық жол тасымалы туралы Еуропалық келісімнің (ҚЖХЖТ) талаптарын орындау үшін, сондай-ақ ҚЖХЖТ талаптарына толық көшу бөлігінде келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2020 жылғы 15 қазандағы № 530 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына және автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілетін қауіпті жүктер тізбесіне «Қауіпті жүк» тақтайшасының үлгісін бекітуге, Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілетін қауіпті жүктер тізбесін жаңартуға, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті жүкті тасымалдауға жүргізушіге рұқсат беру туралы куәліктің үлгісін бекітуге, ҚЖХЖТ-да бекітілген нысанға сәйкес түзетулер енгізілді.

Қауіпсіз тасымалдарды жүзеге асыру және қауіпті жүктерді тасымалдау саласындағы заңнама талаптарын сақтау мақсатында тасымалдаушылардан жұмыста одан әрі пайдалану үшін осы түзетулермен танысуды сұраймыз. 

Түзетулер Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына ағымдағы жылдың 16 қарашасында күшіне енеді.


Өзгелердің жаңалығы