Қауіпті жаңа штамға «Омикрон» деген атау берілді

27 Қараша 2021, 15:35
1392
Бөлісу:
Қауіпті жаңа штамға «Омикрон» деген атау берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алаңдаушылық тудыратын коронавирустың анықталған жаңа B.1.1.529 штаммына ДДҰ «омикрон» деген атау беріліді. 

«Анықталған нұсқа мутациясының саны көп және бұл штамм басқа VOCтарға қарағанда, қайта жұқтырудың қаупі жоғары». Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қоғамдық орындарда бақылауды күшейтуге және ақпаратты орналастыруға, сонымен қатар VOC инфекциясын жұқтыру туралы хабар беруге шақырды. 

Сондай-ақ, «омикрон» штамының эпидемиологиялық жағдайға әсер ету мүмкіндігін, алдын-алу шараларының тиімділігін, антиденелермен әрекеттесуін зерделеу мақсатында зерттеулер жүргізу ұсынылды. 

Еуропада COVID-19 жаңа «омикрон» штамын жұқтыру фактісі тіркелді. Бельгияда бұл жағдай, коронавирустың "омикрон" штамын жұқтырған науқастың Мысыр елінен келгендігі анықталды. 

Науқас әйелде коронавирустың алғашқы белгілері 22 қарашада пайда болды. Көптеген мутациямен сипатталатын КВИдің жаңа B.1.1.529 модификациясы алғаш рет қараша айының басында Ботсвана мен Оңтүстік Африка Республикасында анықталды. "Омикрон "құрамында 32 мутациясы бар және «дельта» штаммға қарағанда әлде қайда жұқпалы.


Өзгелердің жаңалығы