Катовицеден Нұр-Сұлтанға үшінші рейспен 131 жолаушы келді

4 Наурыз 2022, 08:30
1090
Бөлісу:
Катовицеден Нұр-Сұлтанға үшінші рейспен 131 жолаушы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинадан эвакуацияланған Қазақстан азаматтары мінген үшінші ұшақ Нұр-Сұлтанға қонды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Азаматтар алдымен Украина жерінен Польшаға эвакуацияланды. «Эйр Астана» ұшағы Нұр-Сұлтан  уақыты бойынша 21.55-те Катовицеден ұшып, Нұр-Сұлтан әуежайына 02.54-те келді. Бортта 131 жолаушы болған, оның ішінде 20-сы бала, – деп хабарлады елордалық әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл рейспен Қырғызстанның екі азаматы келген.

Өзгелердің жаңалығы