Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Катар Трампқа 400 миллион долларлық ұшақ сыйлады

12 Мамыр 2025, 05:39
616
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Катар АҚШ президенті Дональд Трампқа жаңа президенттік әуе күштері ретінде пайдаланылатын Boeing 747-8 ұшағын сыйға тартпақ, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC News басылымына сілтеме жасап.

Ұшақ 400 миллион долларға бағаланып, бұл америкалық көшбасшыға ұсынылған ең қымбат сыйлық болды.

Басылым АҚШ Конституциясы президентке Конгрестің рұқсатынсыз шет елдерден сыйлық алуға тыйым салатынын түсіндірді.

Хабарларға қарағанда, ұшақ Трамптың президенттігі кезінде үкіметтің меншігінде қалады, содан кейін президенттік кітапханаға беріледі.

Өзгелердің жаңалығы