Қасымбек ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

15 Қараша 2020, 11:28
1941
Бөлісу:
Қасымбек ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі саласының барша қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде.

Аймағымыз егін жинау науқанын ойдағыдай сәтті аяқтап, еліміздің астыққа бай өлкесі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерінің қажыр-қайратының арқасында 1 млн тоннадан астам астық бастырылып, 220 мың тоннадан астам картоп пен 38 мың тонна көкөніс жиналды, - деп жазды Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында.
Сонымен қатар, мал өсірушілер мен өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері де кәсіби мерекелерін лайықты жетістіктермен қарсы алып отыр. 

Аймағымызда мал басының өсуі есебінен ет, сүт және жұмыртқа өндірісінің көлемі артып келеді. Бұл күнде өңірімізде бордақылау алаңдары табысты жұмыс жасап, жаңа асыл тұқымды шаруашылықтар мен сүт-тауар фермалары құрылуда. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуіне мемлекеттік қолдау шаралары да ықпал етуде. Мереке қарсаңында шаруа қожалықтарының басшылары Георгий Прокоп, Игорь Жабяк, Сейтжапар Нығметов, Аманкелді Мұқашев, Павел Лущак және Айдын Албақаймен кездестім. Осы ретте біздің агросала қызметкерлерінің еңбекқорлығы мен қажыр – қайраттарына ерекше тәнтті болдым. Қадірлі ауыл шаруашылығы саласының барша еңбеккерлері, сіздердің сарқылмас білімдеріңіз, баға жетпес тәжірибелеріңіз облыстың агроөнеркәсіптік кешені әлеуетінің артуына ықпал ете беретініне сенімдімін, - деп жазды әкім.

Өзгелердің жаңалығы