Каспийге құйылып жатқан лас судан сынама алды

8 Мамыр 2022, 16:13
1876
Бөлісу:
Каспийге құйылып жатқан лас судан сынама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспий теңізіне құйылып жатқан қара сұйықтықтың құрамы тексеріледі.

Бұл туралы EcoMedia Telegram арнасы хабарлады.

Маңғыстау облыстық Экология департаменті осы факті бойынша жедел әрекет ету мақсатында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ға тиесілі ЖЭО-1 аумағына барды. Тексеру барысында атмосфералық ауа сынамалары алынды. Сондай-ақ су жинау каналындағы судан да сынама алынды, оның нәтижесі тексеріліп жатыр, –  делінген ресми мәлімдемеде.

Судан алынған сынаманың талдау нәтижесіне қарап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім шығарылады.

Өзгелердің жаңалығы