Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Зерттеу жұмыстары қысқа мерзімнің ішінде жүргізілмейтіні анық. Қазір ТШО және NCOC компанияларымен келісімдер жасалды. Бұл біздің экологиялық ұйымдар мен ғылыми-зерттеу институттары қатыса алатын ашық тендер өткізу түрінде жүзеге асырылады, - деп түсіндірді ведомство басшысы Сенаттың жалпы отырысынан кейін өткізген баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, қазір тендерлік процедуралар қолға алынған.
Біз бұл жұмыста жалғастырамыз және бақылауда ұстаймыз. Біз үшін теңіз және жағалау маңындағы кен орындарының зерттеме жұмыстарының антропогендік әсерін, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға олардың ықпалын зерттеу өте маңызды. Нақты қай кезде аяқталатынын әзірге айта алмаймын. Тендерлік процедуралар өтіп жатыр, - деді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Серікқали Брекешев «Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын Сенаттың жалпы отырысында талқылауға ұсынғаны туралы жазған болатынбыз. Сенаторлар заң жобасын қабылдады.