Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер сілкінісі Ақтаудан шамамен 350 шақырым жерде болды.
Бұл туралы ақпарат Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясына қарасты сейсмологиялық қызметтің ресми сайтында жарияланды.
3 шілдеде Каспий акваториясында 61 ш тереңдікте магнитудасы 3,3 балл болатын жерасты дүмпуі тіркелді. Гипоцентрдің координаттары 40.53, 51.75, - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.