Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті балықтарды қорғаудың "Бекіре" кең көлемді акциясы шеңберінде Каспий теңізінің су айдынында заңсыз балық аулап жүрген Әзербайжан Республикасының 4 азаматын ұстады.
Тексеру іс-қимылдары барысында ұсталған тұлғалардан балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, сондай-ақ Ф-1 қол гранатасы тәркіленді.
Көрсетілген тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттары мен жарғыш құралдарын заңсыз алу, беру, қолға түсіру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" 3-бөлігі 287-бабы және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз бұзу" 392-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.