Каспийде Қазақстан мен Ресей әскери теңізшілерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтіп жатыр

20 Мамыр 2021, 10:38
1817
Бөлісу:
Каспийде Қазақстан мен Ресей әскери теңізшілерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZКаспий теңізінде Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің және Ресей Федерациясы Әскери-теңіз флотилиясының бірлескен оқу-жаттығуы өтіп жатыр.

Аталмыш оқу-жаттығудың тақырыбы – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі Экономикалық қызметтің объектілерін қорғау. 

Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының жедел тобы, әскери-теңіз базасының бөлімшесі, «Орал» және «Маңғыстау» зымыранды-артиллериялық корабльдерінің, «Жайық» гидрографиялық кемесінің экипаждары қатысады. Бұдан өзге, оқу-жаттығуға майдан ұшақтары мен армия авиациясының тікұшақтары жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Бірлескен оқу-жаттығуды Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов басқарады. 

Оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери теңізшілері Қазақстан мен Ресей су айлағында орналасқан Каспий теңізінің полигондарында жауынгерлік оқу-жаттығу міндеттерін орындауы тиіс. 

Экономикалық қызмет объектілерін күзету мен қорғау жөніндегі міндеттерді пысықтап, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдерін үйренеді. Кемелердің экипаждары шартты әуе қарсыласының шабуылына тойтарыс беру жөніндегі іс-шаралар кешенін, әуе және теңіз нысандарына артиллериялық атыстар жүргізуді орындайды, сондай-ақ шартты түрде апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсету жөніндегі міндеттерді пысықтайды.



Өзгелердің жаңалығы