Каспий жағалауынан 1,3 тонна балықтың өлексесі жиналды

23 Қыркүйек 2023, 15:39
869
Бөлісу:
Каспий жағалауынан 1,3 тонна балықтың өлексесі жиналды
Фото: Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы

Атырау облысының Исатай ауданында кефаль балығы қырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, балық Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында қырылған.

Исатай ауданында «Севрюжья коса» учаскесінде балықтың қырылу дерегіне байланысты жергілікті атқарушы орган, облыстық экология департаменті, балық шаруашылығы ғылыми мекемесі, ветеринариялық қызмет, полиция департаменті мен табиғат қорғау прокуратурасының өкілдерінен арнайы жұмыс тобы құрылды. Тексеру кезінде 18 қыркүйекте кефаль балығының қырылу дерегі тіркелді. Облыстық экология департаментінің мамандары зертханалық талдау жүргізу үшін балық қырылған аумақтағы топырақтан сынама алды. Ал, қырылған балықтың өлексесінен сынама алу мүмкін болмады. Теңіз жағалауынан балықтың 1 тонна 380 келі өлексесі жинап алынды, -деп хабарлады инспекцияның баспасөз қызметі.

Инспекторлардың айтуынша, балықтың қырылуына Каспий теңізі суының керу қайтуы себеп болған. Теңіздің суы қума желдің салдарынан кері қайтқан.

Бұл – табиғи құбылыс. Бірақ, бірінші рет емес. Мұндай жайт былтырғы қыркүйекте байқалды. Каспий теңізінің суы жағалаудан 5-25 шақырымға дейін алыстағаны байқалды, -деп мәлім етті инспекциядан.

Өзгелердің жаңалығы