Каспий теңізінде жер сілкінді

Каспий теңізінде магнитудасы 3,3 болатын жер сілкінісі болды.

 gov.kz 30 Қыркүйек 2026, 13:39
30 Қыркүйек 2026, 13:39
191
Фото: gov.kz

Әзербайжан сейсмологтары 30 қыркүйекте Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 01:47-де болған. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Сейсмологиялық қызмет республикалық орталығының Жер сілкінісін зерттеу бюросы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісінің магнитудасы 3,3 болды. Ошағы 70 шақырым тереңдікте жатты.

«Эпицентр Ақтаудан шамамен 353 шақырым қашықтықта орналасқан», – деп хабарлады сейсмологтар.

Зардап шеккендер, қираған ғимараттар мен жер сілкінісінің басқа да салдары туралы ақпарат жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жер сілкінісінен сақтандыру міндеттелуі мүмкін екенін хабарлаған едік. Бұл бастама Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген 2030 жылға дейінгі сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасының жобасында көзделген. 

Сондай-ақ, 28 қыркүйекте алматылықтар екі рет жер сілкінісін сезген еді. 

Наверх