Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысы ТЖД 112 пультіне Ақтау қаласының төртінші «а» шағын аудандағы Каспий теңіз жағалауынан серфинг-таяқшасымен жағадан 1,5 шақырымға ағыспен алыстап кеткен 2006 және 2007 жылы туған екі жасөспірімді Маңғыстау облысының ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары құтқарды.
Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Авариялық-құтқару жұмыстарына жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен жүзу құралы жұмылдырылды.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады.