Каспий теңізінің мәселесі: Тегеранда Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының IV отырысы өтті

28 Мамыр 2022, 23:36
1420
Бөлісу:
Каспий теңізінің мәселесі: Тегеранда Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының IV отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Келіссөзге Әзербайжан, Қазақстан, Ресей мен Түрікменстан елдерінің делегациялары қатысты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында мәлім етілген.

Отырысқа Иран Ислам Республикасы делегациясының басшысы М. Баримани төрағалық етті.

Келіссөздерге Әзербайжан Республикасының (басшысы – Х.А.Халафов), Қазақстан Республикасының (басшысы – З.А.Аманжолова), Ресей Федерациясының (басшысы – М.И.Петраков) және Түрікменстанның (басшысы – М.Г.Атаджанов) делегациялары қатысты.

Негізінен Каспий теңізінде тікелей бастапқы сызықтарды белгілеу әдістемесі туралы келісім жобасы талқыланды. Бұл құжатты келісу одан әрі жалғасатын болады.

Тараптар Түрікменстанда өтуі жоспарланған алтыншы Каспий саммитіне дайындалуға қатысты мәселелерді қарастырды, сондай-ақ Каспий теңізіндегі ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша пікір алмасты. Делегациялар өткен келіссөздерге оң баға беріп, отырысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Иран Ислам Республикасына ризашылықтарын білдірді.

Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының келесі отырысы Түрікменстанда өтеді. Отырыстың өтетін күні дипломатиялық арналар арқылы келісілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы