Каспий теңізіндегі жедел алдын алу іс-шаралары аяқталды

30 Сәуір 2022, 15:44
2258
Бөлісу:
Каспий теңізіндегі жедел алдын алу іс-шаралары аяқталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық байлығын қорғауға бағытталған шараларды жалғастыруда.

2022 жылғы 30 сәуірде ҚР мемлекеттік органдары (ІІМ және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі) және Ресей Федерациясы ФҚҚ Шекара қызметі бірлескен браконьерлік әрекеттердің жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралардың кезекті кезеңі аяқталады.

Рейдтік іс-шаралар барысында шекара кеңістігінде 109 бұзушы және 52 бірлік түрлі жүзу құралдары ұсталды.

Заң бұзушыларға 2,6 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Жалпы ұзындығы 300 шақырымнан астам браконьерлік аулау құралдары тәркіленді.

575 бекіре тұқымдас балық  және 4 803 ұсақ тұқымды балықтар, сондай-ақ 43 итбалық табиғи мекендеу ортасына жіберілді.

Шекара қызметінің іс-қимылдары нәтижесінде 1 млрд теңгеден астам сомаға залалдың алдын алынды.

Өзгелердің жаңалығы