Каспий құбыр желісі апатқа байланысты жұмысын уақытша шектейді

23 Наурыз 2022, 14:29
2271
Бөлісу:
Каспий құбыр желісі апатқа байланысты жұмысын уақытша шектейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспий құбыр желісі консорциумы (КТК) екі қондырғының жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл құбыр желісінің өткізу мүмкіндігін төмендетуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Консорциумның теңіз терминалын кезектен тыс тексеру кезінде үшінші айлақ құрылғысы шлангаларының бірінің бүлінгені анықталған. Сондықтан құрылғыны жөндеу үшін оны уақытша істен шығару шешімі шығарылды.

Бұдан бөлек екінші құрылғының 9-шы және 13 шлангасының зақымдалғаны анықталған. Бұл құрылғының да жұмысы уақытша тоқтатылды.

Каспий құбыр желісі консорциумы қолайсыз ауа райына байланысты жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып кетуі мүмкін деп отыр.

Жұмысты қалпына келтіру ісі ұзаққа созылатын болса біз қысқартуды жариялауға мәжбүрміз. Бұл орайда қысқарту айтарлықтай маңызды болмақ. Сол үшін мұнай айдау жұмысының кемінде жартысынан көбі тоқтайды, – деді КҚК бас директоры Николай Горбань.

Бас директордың айтуынша, КҚК №1 айлақтық қондырғының жұмысын тоқтата тұру мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Өйткені ауа райының қолайлы кезінде жөндеу жұмыстары үш аптаға жуық уақыт алады.

Каспий құбыр желісі консорциумы Қазақстан мұнайын экспорттайтын негізгі бағыт болып саналады. Елімізде өндірілетін мұнайдың 80 пайызы осы КҚК арқылы жөнелтіледі. Бұл магистраль жылына 67 миллион тонна мұнайды айдауға қауқарлы.

Өзгелердің жаңалығы