Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Президентпен кездесуінен кейін Каспий құбыр желісіндегі жөндеу жұмыстары туралы айтып берді.
Қазіргі таңда Каспий құбыры консорциумы СДҚ-3 деген құрал-жабдық бар. Оның екеуінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса, біреуі жұмыс істеп тұр. Жөнделіп жатқан екі құралдың біреуі аяқталуға жақын. Біздің жоспарымыз бойынша жөндеу жұмысы ертең аяқталады. Ол сәтті аяқталған соң КТҚ жұмыстың 100 пайыз қуаттылығына көшеді, - деді ол.
Өз кезегінде Энергетика министрі Болат Ақшолақов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында да бұл мәселе туралы айтты.
Бүгінде жөндеу жұмыстары негізінен аяқталды. Ол ауа райының қолайсыздығына байланысты үзіліспен өткізілді. Құбырларды ауыстыру аяқталды, кеше қысым сыналып, проблемалық жерлерді анықтау үшін су толтырылды. Бүгін суды ағызған соң жұмыс істей бастайды деп күткен едік, - деді Ақшолақов.
Министрдің айтуынша, СДҚ-3-тің жұмысы бүгін басталып кетуі мүмкін, ал СДҚ-1 бұрыннан жұмыс істеп тұр.
Осылайша, құбыр экспорттық қуаттылықты 100% қалпына келтіреді. Осы аптаның соңына дейін ол толығымен, жүз пайыз жұмыс істеуі керек. Бұл екі СДҚ, үшінші су дайындау құбыры жөндеуде болады. Бірақ ол резервте болған, - деді министр.